Главная > Жаңалықтар > Семинар
Семинар11-11-2020, 09:06. Разместил: admin13 |
«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге, қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін пайдалануы» тақырыбындағы облыстық оқыту семинардың БАҒДАРЛАМАСЫ 14 сәуір күні Өтеген батыр кенті, Іле ауданы № 24 лицейде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге, қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін пайдалануы» тақырыбындағы облыстық оқыту, үйрету семинары болып өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Көзкеева Раушан Асқатқызы, Алматы облысының білім басқармасының өкілдері, Алматы облысы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың әлеуметтік педагогтары, заңгерлері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру органдары қатысты. Мақсаты: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге, қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану тәртібін анықтау. Семинар барысында «Балалар үйінсіз- Жетісу» жобасы және «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге, қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін жүргізу жұмыстары туралы» сөз болды. «Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекетіміздің айрықша қамқорлығы болып табылады. 2020 жылға қарай балалардың 50 % астамын отбасылардың тәрбиесіне беріп, соның нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі тәрбиеленушілердің санын қысқартып, оларды отбасы мен балалықты қолдау орталықтарына қайта құру мақсатында 2017 жылы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Алматы облысының прокуратурасы, облыстық әкімдік тарапынан «Балалар үйісіз Жетісу» жобасына қол қойылды. Бұл жоба 2017-2019 жылдары аралығында жүзеге асырылады. Жоба негізінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандарын дамыту, атап айтсақ, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің санын көбейту, баланы қабылдаушы отбасыларды құру, патронаттық тәрбие, қорғаншылық (қамқоршылық), асырап алу түрлерін дамыту жоспарланған. Сонымен қатар, патронаттық тәрбиешілер, қорғаншы (қамқоршылар), отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің оң тәжірибесін тарату, баланы өз отбасына тәрбиеге алуға ниет білдірген азматтармен жүйелі түрде жұмыс жүргізу және т.б. жұмыстар қарастырылған. 2017 жылдың қаңтар айында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі З.Балиева облыстық мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізіп, шараға қатысушыларға «Балалар үйісіз Жетісу» жобасымен таныстырды. Облыс аумағында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың отбасылық түрлерін дамыту жөнінде жұртшылық арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Республикалық деректер банкі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыста. Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес деректер банкіне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының мамандары енгізеді. ![]() ![]() Вернуться назад |