Главная > Жаңалықтар > Іле ауданы бойынша «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының слетін өткізу туралы МӘЛІМЕТ
Іле ауданы бойынша «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының слетін өткізу туралы МӘЛІМЕТ23-05-2019, 09:01. Разместил: admin13 |
Іле ауданы бойынша «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының слетін өткізу туралы МӘЛІМЕТ 23.05.2019 күні «№24 лицей» МКМ-де Іле ауданы бойынша «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының слеті өткізілді. «Жас ұлан» ұйымының негізгі мақсаты-оқушылардың,қоғамдық,әлеуметтік,танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Міндеттері-әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту болып табылады. Слетқа Іле ауданының 48 мектебінен оқушылар қатысты. Слет қонақтары ретінде Іле аудандық білім бөлімінің басшысы Каткеева Ләззәт Жақыпқызы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұмаділова Ұлжан Бұлтбайқызы, Іле аудандық кітапхана директоры Жәбиева Мейрамгүл Түйебайқызы қатысты. Салтанатты жиынға қатысқан қонақтарды «Жас ұлан» ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімін орындау №24 лицейдің түлектеріне берілді. 2018-2019 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін беру үшін «Жас ұлан» ұйымының мүшесі №24 лицейдің 9А сынып оқушысы Мәлікақын Дамирге сөз берілді. Келесі кезең Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен мектеп өміріне белсене қатысып, жоғарғы жетістіктерге қол жеткізгені үшін слетке қатысушыларды марапаттау сәтіне берілді. Слет шешімін оқу үшін Бүкілресейлік «Адам және табиғат» ойынының 1 орын иегері, Республикалық «Кенгуру Лингвист» атты лингвистикалық байқаудың 3 орын иегері, аудандық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының хатшысы, №24 лицейдің 9А сынып оқушысы Мәлікақын Дамирге сөз берілді. ![]() ![]() Вернуться назад |