Главная > Жаңалықтар > ҰСТАЗ – ШЕБЕР, АҚЫЛМЕНЕН ЕМДЕЙТІН
ҰСТАЗ – ШЕБЕР, АҚЫЛМЕНЕН ЕМДЕЙТІН3-10-2020, 08:50. Разместил: admin13 |
Ауданымыздың білім шырағданына айналған ардақты ұстаздар, бүгінгі жарқын, шаттыққа толы төл мерекелеріңіз құтты болсын! Ауданымызда халық санының артуына байланысты жаңа мектептер бой көтеріп, жалпы саны 48 мектепте 4610 мұғалім қызмет етіп, 59308 шәкірт білім нәрімен сусындауда. Биыл 1-сыныпқа 6719 бала барса, 11-сыныпта 2107 түлек оқып жатыр. Дәл қазір барлығы да онлайн форматында білім алуда. Сондай-ақ, ауданымыздағы төрт мектепте, яғни, №2, №27, №44, №37 орта мектептерде 29 кезекші сынып іске қосылды. 94 балабақшамызда 3156 балдырған тәрбиеленсе, 263 кезекші топ жұмыс жасайды. Ауданымыз осыншама тегеуріні мол, алып күшті қажет ететін үлкен білім ордасына айналып отыр. Білімнің даңғыл жолында, аяулы ұстаздар, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Ұлағатты жолда шығармашылық табыс, отбасыларыңызға береке тілеймін! Бағдат ҚАРАСАЕВ, Вернуться назад |