Алматы облысы, Іле ауданы, Ынтымақ ауылы «№30 орта мектеп» МКМ алғашқы қоңырау екінші қыркүйек күні соғылды.
2-09-2019, 09:09
Алматы облысы, Іле ауданы, Ынтымақ ауылы «№30 орта мектеп» МКМ алғашқы қоңырау екінші қыркүйек күні соғылды. Іле аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Д.Жарқынбеков және Байсерке ауылдық округ әкімшілігінің бас маманы К.Маратжанқызы іс-шарамыздың құрметті қонағы болды. «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында өткен салтанатты шарада Гимн айтылып, мектеп директоры Г.Б.Чегебаева алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиынды ашып берді. Байсерке ауылдық округ әкімшілігінің бас маманы К.Маратжанқызы сөз алып, ұлт болашағы бүгінгі жастардың қолында екенін айтып кетті. Бірінші сыныпқа қабылданған шәкірттер патриоттық өлеңдерін оқыды. Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған шәкірттеріне 1 сынып жетекшісі М.И.Матамова жарқын болашаққа жету жолында білімді ұрпақтың маңызы зор екендігін айтып, білім алуға шақырды . Салтанатты шара өз деңгейінде өтті.












Похожие новости:

Іле ауданы бойынша «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының слетін өткізу туралы МӘЛІМЕТ
Жаңалықтар
КӨППЕН КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ
Жаңалықтар
Іле ауданы әкімдігінің білім бөлімі туралы жалпы мәлімет
Нормативті құжаттар
"Ауған алауы - жадымызда"
Жаңалықтар
«Бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқытушы-ұйымдастырушыларының» Облыстық 3-күндік оқу әдістемелік жиыны өтті.
Жаңалықтар