Аудандық «Толқын -2019» шахмат турнирі
22-05-2019, 08:59
22.05.2019 жылы Аудандық «Толқын -2019» шахмат турнирінің өткізілуі туралы мәлімет
22.05.2019 жылы Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті № 24 лицейде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған дәстүрлі шахматтан «Толқын-2019» атты аудандық турнирі өтті. Аудандық шахмат турнирінің құрметті қонақтары Іле ауданы әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы, «Гранит» арнайы конструкторлық- технологиялық бюросы ЖШС техникалық директоры, Адамов Талғат Несіпбайұы, «Гранит» арнайы конструкторлық- технологиялық бюросы ЖШС бас директорының орынбасары Дергунов Валерий Михайлович, Аудандық білім бөлімінің басшысы Каткева Ләззат Жақыпқызы, Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тұрымбетов Ерболат Сапарұлының қатысуымен өтті.
Турнирдің мақсаты- ауданымызда шахмат спортын дамыту жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ой-өрісін, санасын шынықтыру, шахмат арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлғаны жетілдіруге жағдай жасау. Балалардың интеллектуалдық ойлауы мен танымдық қабілеттерін дамыту. Шахмат деген — өнер, спорт және өмір. Ол осы 3 ұғыммен ұштасқанда ғана жемісін береді. Уақыт талабымен сәйкес жеке тұлғаны жетілдіреді. Турнирге ауданымыз бойынша 10 округтан жүзге тарта ойынышылар қатысты.
Аудан әкімі Б.Ә. Қарасаев құттықтау сөзінде турнирге қатысушылар мен қонақтарды құттықтай отырып, қәзіргі уақытта балалар мен жасөспірімдердің шахматқа деген қызығушылығын байқағанын және осы қызығушылықты әрі қарай дамытудың қажеттілігін айтты. Жарысты аша отырып, ол жастарға үлгі көрсетіп, алғаш ойынның үлгісін көрсетті.
Турнир барысында төмендегі жүлдегерлер анықталды:
1 -4 сынып оқушылары арасында:
1 орын – Чапай а/о командасы
2 орын – Боралдай кентінің командасы
3 орын – команда с.КазЦИК
5 – 8 сынып оқушылары арасында:
1 орын – Чапай а/о командасы
2 орын – «Толқын - 2» командасы
3 орын – «Толқын -1» командасы
9-11 сынып оқушылары арасында:
1 орын – «Толқын -1» командасы
2 орын – Боралдай кентінің командасы
3 орын – «Толқын - 2» командасы
Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар мақтау қағазы және естелік сыйлықтарымен марапатталды.




Похожие новости:

Семинар
Жаңалықтар
Іле ауданы бойынша «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының слетін өткізу туралы МӘЛІМЕТ
Жаңалықтар
Іле ауданы әкімдігінің білім бөлімі туралы жалпы мәлімет
Нормативті құжаттар
«Әдістемелік кабинеті» ұйымдастыруымен 9-11 сынып мектеп оқушылары арасында «Жуалы ауданы турнирі» өтті.
Жаңалықтар
«Біз мәңгілік ел ұландарымыз»
Жаңалықтар