DataLife Engine > Нашар для печати > Біздің алғысымыз шексіз...
Басты > Жаңалықтар > Біздің алғысымыз шексіз...

Біздің алғысымыз шексіз...


11-11-2020, 09:04. Разместил: admin13


    Жаз келе сала биыл қай жерге барып қалай демалады  екенбіз деген ой мазалайды.  Сол ойымызды сезгендей Іле аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен арман болған Астана қаласына барып ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалау бағы бізге бұйырды.Біздің М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінен 20 оқушы маусым айының 30 күні Астана қаласына  сапарға шықтық. Онда Қазақстанның «Нұр әлем» бас экспозициясына Қытай, Корея, Ресей, Тайланд, Үндістан, Америка, Испания және басқа да елдердің павильондарын тамашалап,   «Бәйтерек», «Думан» океанариумы «Атамекен» этномемориалдық кешеніне, «Бейбітшілік және келісім» сарайына , ұлттық мұражайға, «Нұрлы жол» желекжолымен серуендедік. Осындай қуанышты күндерде қасымызда білім бөлімінің әдіскерлері, мамандары болды.Уақытылы тамақтарын беріп, арнайы көліктермен алып жүрді.Тамаша көңіл күй сыйлап, бізді қуанышқа бөлеген Іле аудандық білім бөлімінің басшысы Каткеева Ляззат Жакуповнаға шын көңілден ризашылығымызды білдіріп, еңбегіңіздің зейнетін көріңіз демекпіз.  Сонымен қатар бізді өз баласындай көріп ,Алматы вокзалынан шығарып салып, күтіп алған білім бөлімінің бас маманы Төлеубекова Арай Аксубайқызына және мектебіміздің директоры Галия Надирбекқызына  біздің қасымызда болып мейірім көрсетіп ағамыздай болған Құрманжанов Абай мен Толеубеков Ерлан ағаларымызға шексіз алғыс айтамыз.Сіздерге біздің ата-аналарымыз да дән риза екенін жеткізе отырып, еңбектеріңіз жана берсін, толағай табыстарға жетіңіздер, зор денсаулық тілейміз,-демекпіз.

    М.Мақатаев атындағы 

    №13 орта мектебінің

    оқушылары атынан

    Сабырбаева Меруерт

    Ищанбек Айдана 



Вернуться назад