2019 жылдың 1-ші жарты жылдығында білім саласында атқарылған жұмыстар туралы
11-11-2020, 08:26
Ауданда 0-7 жасқа дейін 10892 баланы қамтитын 124 мектепке дейінгі мекемелер қызмет көрсетеді (8 мемлекеттік,111 жекебалабақша, 5 мини-орталықтар).
Бұл көрсеткіш - 95,9 % құрайды.
Балаларға мектепке дейінгі білім беруді қамтуды 100 пайызға жеткізу мақсатында мемлекеттік тапсырыс бойынша ауданда жеке балабақшалар ашу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Көктерек, Төле би ауылдарында балабақша жоқ.
2019 жылы 700 орындық 10 жеке балабақша ашу, мектепке дейінгі білімді қамтуды 98 % жеткізу жоспарланып отыр.
Іле ауданында 48 мемлекеттік мектеп, 2 жекеменшік мектеп бар.
Оның 1 лицей, 1 гимназия, 2- мектеп-гимназиясы.
2017-2018 оқу жылын 47 979 оқушы аяқтаса, 2018-2019 оқу жылының есебі бойынша аудан мектептерінің оқушы саны - 53422 оқушы, оның ішінде 1-4 сыныптар аралығында -26562 оқушы, 5-9 сыныптар аралығында- 23568 оқушы, 10-11 сыныптар аралығында -3292 оқушы.
2018-2019 оқу жылының білім сапасының қорытындысы бойынша ауданда- 13 982 үздік оқушы, ол 26,2% құрайды, 21832 екпінді оқушы - 40,8% және 17 896 орташа оқитын оқушылар- 34,4% есепке алынды.
1-4 сыныптар арасындағы үздіктер-8781 оқушы, 5-9 сыныптар арасындағы үздіктер-4620 оқушы, 10-11 сыныптар арасындағы үздіктер-581 оқушы.
Аудан бойынша 2018-2019 оқу жылының III тоқсандық білім сапасы 66 пайыз болса, жылдық білім сапасы 67, 4 пайызды құрайды. Аудан мектептерінің білім сапасы бойынша сараптама жасалып, мектеп директорларының жиналысында қаралды. Ауданның көрсеткішінен төмен білім сапасын көрсеткен мектептер (№№ 3,6,8, 9, 10,11, 17, 19, 20,22,23,27, 32,43,44) аталып өтті. Ең төмен көрсеткіш көрсеткен №№17,3,9,10,32,19,20 орта мектептердің білім сапасын арттыру мақсатында атқарылған жұмыстары бақылауға алынып, ендігі оқу жылында әдәстемелік көмек көрсетуге жоспарланды. Өтеген батыр кентіндегі №24 лицей-73%, Боралдай кентіндегі №39 гимназия -70%, Өтеген батыр кентіндегі №38 мектеп –гимназия-70%, Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназия -69% көрсетті. Оқу жылын 1509 түлек бітірді. Оқыту тілі бойынша 1137 қазақ, 372 орыс тілінде. 9-сыныптарды 3910 мектеп бітіруші аяқтап шықты. Барлық мектеп бітірушілер қорытынды аттестатаудан өз тиісті білім деңгейлерін дәлелдеп, орта білім туралы аттестат алды. Оның ішінде 134 бітіруші «Алтын белгі» және 65 бітіруші үздік аттестатқа ие болды. 9-сыныптар бойынша 447 мектеп бітіруші негізгі мектеп бойынша үздік бітіру аттестатын алды.
ҰБТ Түймебаев ауылындағы №20 орта мектеп базасында орналасқан №866 тест өткізу пунктінде 2 лек бойынша 21,23 маусымда өткізілді.
ҰБТ өткізу кезінде оқушылардың тасымалдануы ЖШС «Саяхат» және ЖШС «Жедел» серіктестіктерімен ұйымдастырылып өткізілді.
Оқушылардың тамақтануына №20 орта мектептің асханасында ұйымдастырылды.
ҰБТ-ге қатысушыларға тасымалдау және тамақтану ұйымдастыру үшін 6 млн.375 мың теңге бөлінді.
Аудан бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуге 1170 түлек қатысуға өтініш білдірді. ҰБТ–ге 1161 мектеп түлегі қатысты, өтініш білдірген 8 түлек ҰБТ тапсырудан бас тартты, 1 ауырып қалды. ҰБТ-ге қатысу жалпы мектеп түлектерінің 76,8% (былтыр 73) пайызын құрады.
ҰБТ өткізу барысында түлектерді тасымалдау мен тамақтандыру жұмыстары ешқандай оқыс оқиғасыз өз уақытында жоспар бойынша дұрыс өтті.
ҰБТ қорытындысы бойынша жалпы аудандық орташа балл көрсеткіші 90,7 балл (былтыр 89,2 балл) көрсетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 баллға жоғарылады.
Жылдан -жылға мектеп жасындағы балалар саны 4000 мыңнан астам балаға көбеюде.Ауданда 2019 жылдың мамыр айынан бастап 2 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде: Боралдай кенті №15 орта мектепке 321 млн 610 мың 585 тенге бөлінді; Байсерке ауылынның №9 орта мектепке 357млн.645мың 318 тенге бөлінді. Жөндеу жұмыстарына 298 млн.307 мың 400 тг. жұмсалды, ол 44% құрайды.
№15,9 орте мектептердің материалдық –техникалық жабдықтауына 47 млн тенге, №34,19 орта мектептеріне -28 млн.503мың тенге бөлінді.
Мектептерде ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 8 млн.528 мың тенге бөлінді.
Өткен оқу жылында 13 мектеп үш кезеңде оқыды (№4,9,14,15,17,18,19,20,23,25,29,34,44).Жетіген ауылындағы №34 орта мектеп ғимаратына қосымша 300 орындық ғимараттың құрылысы жұргізілуде, құрылыс аяқталу мерзімі 2019 жылдың тамыз айы.
Туймебаев ауылындағы № 19 орта мектепке 300 орындық жапсаржай құрылысы аудиторлық тексерістен кейін тоқтатылды.
Жаңа 2019-2020 оқу жылында оқушылардың саны өсуіне байланысты болжам бойынша 25 мектеп 3-ауысымдықпен оқиды.
Ауданда сапалы білім беру мақсатында, үш аусымда білім беретін мектептердің санын жою үшін жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Егер биылғы жылға жоспарланған 5 мектеп құрылысы мен 2 жапсаржай құрылысы аяқталмаған жағдайда үш ауысымда оқу режиміне ауданның 25 мектебі көшетіндігі анық. (№1 с.Коянкус, №4 с.Жапек батыра, №6 с.Казцик, №7 п. Отеген батыр,№9 с.Байсерке, №10 с. Чапаево,№11 с.Жетыген,№12 с.Байсерке, №14 с.Караой, №15 им.К.Азербаева п.Боралдай, №16 им.Ю.Гагарина с. Междуреченск, №17 п.Боралдай, №18 с.Караой, №19 с. Туймебаев, №20 с.Туймебаев, №22 с.Али, №23 п.Боралдай, №25 с.Жанаталап, №26 с.Тлендиева, №29 с.Коккайнар, №31 с.Комсомол, №33 с.Енбек, №38 с.Отеген батыр, №40 п.Боролдай, №44 с.Коккайнар) 2019-2020 оқу жылына қарай Боролдай кентінде 300 орындық, Жапек батыр ауылында 600 орындық, Қосөзен ауылында 600 орындық, Қараой ауылында 900 орындық, Жаңа талап ауылында 600 орындық жаңа мектеп құылыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. Сонымен қатар, Байсерке ауылындағы № 9 орта мектепке 300 орындық жапсаржай құрылысын жүргізуге ЖСҚ дайындалуда. Дегенмен, келесідей елді-мекендерде үш ауысымдылықты жою үшін шешімі табылмаған мектептер Түймебаев ауылындағы № 20 орта мектеп, Коккайнар ауылындағы № 44, № 29 орта мектептердің үш аусымдылығын жою үшін, Коккайнар ауылынан 600 орындық мектеп құрылысын жүргізуге бос жер телімі қарастырылды, жер телімі № 29 бен № 44 орта мектептер ортасында, жер телімі жеке меншік иелігінде, бүгінгі күні «Іле ауданының сәулет және қалақұрылысы» ММ-сі мен «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі мектеп құрылысын жүргізу үшін жеке меншіктегі жер телімін шешу жолдарын 2019 жылдың 1 мамырына дейін шешуі тиіс. Междуреченск ауылы № 16 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама жасауға бюджеттен 25 млн 117 мың теңге бөлінді. Конкурс ойнатылып, «Жетісу сәулет құрылысы» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Келісім шарт сомасы 18 млн 629 мың 997 тенге. Жетіген ауылындағы №3,11 мектептерінде және «Әдемі» балабақшасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік экспертизадан өткізу үшін бюджеттен 3 млн 200 мың теңге қаражатты қажет етеді. Қоянқұс ауылындағы жобалау-сметалдық құжаттамасы дайын № 1 орта мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 56 млн. 514 мың теңге қаражат бөлінуін қажет етеді. Сонымен қатар, Өтеген батыр ауылындағы «Қуат» балабақшасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасауға бюджеттен 15 млн теңге қаражатты қажет етеді. Биылғы жылы Ынтымақ ауылының №46 орта мектебінің аясында ашылған кешкі мектепті 58 оқушы бітірді (9 сынып -27, 11 сынып -31).
2019-2020 жылдарға жылыту маусымында білім беру мекемелерін сұйық отынмен қамтамасыз ету үшін Алматы облыстық білім Басқармасы 531 561 литр ашық конкурс өткізді. Конкурс 3-ші рет ойнатылып, жеңімпаз «Петрофон» ЖШС танылды. 01.06.2019 жылы келісім шарт дайындалып, қол қоюға жолданды.
2019-2020 жылыту маусымында 3 млн 878 мың 100 тенгеге қатты отын алуға қаражат бөлініп, жеңімпаз «Кулаш» ЖК 279 тонна (1 тонна құны - 13900 тенге) көмір жеткізілді. Бүгінгі күні, 112 300 тонна қатты отын қалдық бар. 2019-2020 жылғы жылыту маусымына наурыз айында 3 млн 789 мың 940 тенгеге ашық конкурс жарияланып, «Дембицский» ЖК 268 тонна қатты отын 1 тамыз бен 31 қыргүйек айында жеткізу жоспарланған (1 тонна құны - 14141,5 тенге).
2018-2019 жылыту маусымында кемшіліктер анықтала салысымен уақытылы жасалып, төтенше жағдай орын алған жоқ. 2019-2020 жылғы жылыту маусымында пештерге қызмет көрсетуге 4 млн 168 мың теңге қаражат бөлініп, конкурс ойнатылып, жеңімпаз «Сеным сервис» ЖШС танылды. Бүгінгі күні, «Сенім сервис» ЖШС пештердің және жылыту жүйелердің жұмысына тексеру жүргізілуде. Қосөзен ауылы № 14, Н.Тілендиев ауылындағы № 26 орта мектептер мен Қосөзен ауылындағы «Айналайын» балабақшасын жылыту пеші сұйық отыннан газбен жылытуға көшіруге бюджеттен 54 859 000 теңге қаражат қажет етеді. Құжаттамасы толық дайын. Сонымен қатар, 2018 жылы Ақши ауылындағы № 41,8, Казцик ауылындағы № 42, Төле би ауылындағы № 37 орта мектептерінің жылыту пешінің сұйық отынынан газбен жылытуға көшіру үшін бюджеттен бөлінген 9 млн 722 мың теңгеге жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Мемлекеттік экспертизадан өткізу үшін бюджеттен 6 млн теңгені қажет етеді.
2019 жылы өрт қауіпсіздігі шараларына және қызмет көрсетуге бюджеттен 54 млн 555 мың теңге бөлінді.
Аудан мектептеріндегі компьютерлердің саны 4680 құрайды, бір компьютерге 14 оқушыдан келіп отыр. 73 жаңа модификациялы кабинет пен 46 мультимедиялы-лингафонкабинеті бар. Жаңа модификациялы кабинеттер және интерактивті құрылғылармен қамтамасыз ету 86 % (жоспар бойынша 100%) құрайды. Қосымша компьютер алуға 2019 жылға 13 млн.800 мың тенге бөлінді.
Ауданның барлық мектептерінде және 8 мемлекеттік балабақшаларда бейнебақылау қойылған. 111 жеке меншік балабақшалардың 77 балабақшада бейнебақылау камералары қойылған. 2019 жылда бейнебақылау камераларын қоюға тағы 19 млн.402 мың тенге бөлінді.
Робототехниканың барлық құралдарымен жабдықталған ІТ- сыныптар №24 лицейде, №20 орта мектепте, №26 орта мектепте, №36 орта мектепте, №40 орта мектепте жұмыс жасайды. 2019 жылдың тамыз айында №13, №47 орта мектептерде ІТ- сыныптар ашуы жоспарланған.
Талдықорған қаласындағы ІТ-орталық базасында кәсібін жетілдіру мақсатында 168 информатика пәні мұғалімдерінің 12-і робототехника курстарынан өтті. Өтеген батыр кентінің №13 мектеп базасында аудан педагогтарының сандық сауаттылығын көтеру мақсатында «Интерактивтік технологиялардың ІТ- орталығы» ашылды.Оның жұмысы заман талабына сай педагогтарды ІТ технологиялар мен интерактивті тақтаны өз сабақтарында тиімді пайдалану мүмкіндігін үйретуге бағытталған.Ауданның барлық 48 мектебі ғаламторға қосылған. Оның ішінде 40 мектеп Он-лайн тәртібінде облыс, республика деңгейіндегі сабақтар мен семинарларға қатысуға мүмкіндігі бар.
39 мектепте мұғалімдер мен оқушылар «BіlimLand» сандық білім беру ресурстарын ақысыз пайдаланады. Ауданның барлық мектептері «Kundelik.kz» жүйесіне тіркелген.
Облыстық олимпиадада ауданымыздың атынан 32 оқушы қатысып, оның 30-і жүлделі орындар алды. Республикалық олимпиадада №38 мектеп-гимназиясының 1 оқушысы қатысып, бірінші орын иеленді. «Зерде» жобасының облыстық деңгейіне 79 оқушы өтіп, 59 оқушы жүлделі орындар алды.
Аудан бойынша білім сапасының көрсеткіші 67,4%, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,4 %-ға жоғары.
Аудан бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына Назарбаев мектептерінің тәжірибесімен 1,2,3,5,6,7,8 сыныптар өтіп үлгерді, (38630 оқушы). Жаңартылған білім мазмұны бойынша 81% оқушылар 81% қамтылды.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ауданда 798 бастауыш сынып мұғалімдері білім жетілдіру курсынан өтті, сертификаттары бар, олар аудан бойынша 1,2,3,4 сынып оқушыларын толық қамтыды.
Жалпы жаңартылған білім беру бағдарламасының білім жетілдіру курсынан өткен мұғалімдер саны 3480, ол аудан бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің 80,5% қамтиды. Сонымен қатар 9 айлық әкімшілік басқару курсын НЗМ базасында 23 директор және 4 директордың ӘІЖО өтті.
2015-2020 «Жол картасы» бағдарламасы негізінде химия, физика, биология және информатика пәндерінен үш тілде оқыту жобасына сәйкес, ауданымызда 93 мұғалім тілдік курстардан өтті.
Үш тілдіділікті енгізу мақсатында №28 мектеп-гимназиясы мен №14 орта мектептерінде химия мен физикадан факультатив сағаттары үш тілде жүргізіледі.
Ауданымыздың 23 арнайы пилоттық мектептерінде 35 мұғалім физика, биология, информатикадан факультативтерді ағылшын тілінде жүргізеді.
Оқу жылы басынан ауданда жалпы 4340 мұғалім жұмыс істейді. Оның 682-і жоғарі санатты, 1024 мұғалім бірінші санатты. 3760 мұғалім жоғары білімді, 484 мұғалім орта-мамандандырылған, аяқталмағал жоғары білімді 96 мұғалім бар.
Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер жалпы мұғалімдердің 40,1 пайызын құрайды. Мұғалім санатын көтерудің жаңа форматқа көшу негізінде аудан бойынша қазан айында модератор біліктілігіне – 234, эксперт біліктілігіне – 270, зерттеушіге – 107, шебер ұстазға – 2 мұғалім өтті.
2019 жылдың басынан шебер ұстазға 4 мұғалім өтті, зерттеушіге тесттен 140 мұғалім, сарапшыға 349 дың 238 мұғалім, модераторға 320 мұғалім өтті.
Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі оқушылардың жалпы саны – 384 оқушы, олардың 283-і мүгедек. Үйден оқытылатын оқушылар саны – 209, олардың ішінде 165 оқушы мүгедек. Ауданның 26 мектебінде оқытудың инклюзивті түрі бойынша 86 оқушы білім алды.
Аудан мектептеріне 16 штаттық логопед, 16 штаттық дефектолог маман бөлінген, балабақшаларда 4 дефектолог, 2 логопед бар.
Жалпы инклюзивті оқытуға жағдай жасалған мектептер 98 % қамтиды. (өткен жылы 52% болған). (Жоспар бойынша көзделген көрсеткіш -35%).
Казіргі кезде Өтеген батыр ауылының №24 лицей базасында Республикалық «Дара» қамқорлық ұйымы тарапынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған коррекциялық кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде, жаңа оқу жылынан бастап 250 мүмкіндігі шектеулі балалар қамтылады.
Ауданымызда ОПМПК шешімімен үйден оқытылатын 23 мүмкіндігі шектеулі оқушының үйіне арнайы құрылғы орнатылған. Барлығында ғаламтор қолжетімді. Ауданда 3 музыка мектебі жұмыс істейді. (1 мемлекеттік – Өтеген батыр кентінде, 2 жекеменшік Жетіген ауылында). Ол музыка мектептерінде барлығы 375 оқушы қамтылған. (0,7%)
SitCen.kz – білім беру мекемелеріндегі автоматтандыру Іле ауданында белең алуда. 2019 жылдан бастап Іле ауданы тұрғындары өз балаларын жалпы орта мектептің бірінші сыныбына қабылдауға өтінішті Интернет желісінде SitCen.kz порталы арқылы жібере алады. SitCen.kz сайтының мәліметтері бойынша Іле ауданында білім беруді цифрландыру бағдарламасы аясында мектептер mektep.sitcen.kz порталдарына іске қосылды. Осы жүйеге қосылған барлық мектептер 2019 жылдың 01 маусымынан бастап электронды түрде бірінші сынып оқушыларын тіркеу үшін өтініштерін қабылдауда.
Аудан мектептерінде 10125 оқушыны қамтылған 167 спорттық үйірме мен 375 спорт секциялары жұмыс істейді. Аудандық спорт мектебі секцияларына 1481 оқушы барады. Ол жалпы қатысушылардың 22,4% қамтиды.(Өткен жылы - 6080 оқушы болған, 20,9 %).Жоспар бойынша көзделген көрсеткіш -28%.
2019-2020 оқу жылына 4,9,10 сыныптарды оқулықпен қамтуға 553 млн 688 мың теңге бөлінді. Казіргі кезде 9 баспаларымен келісім шарт жасалды.
Іле ауданы бойынша 30 мектепте, 5409 оқушыға тасымал ұйымдастырылған. Оның 3672-і 77 саяжайдан тасымалданды. Ауданнның басқа аудандарда оқитын оқушылары бар. (Қапшағайда №12 ОМ -134 оқушы, Талғар қ. №11 ОМ -53 оқушы, Алматы қ. №164 ОМ -82 оқушы, №160 ОМ - 60 оқушы, №179 ОМ - 62 оқушы, Шымалған а. - 98 оқушы, Қарасай ауданы Алтынсарин ОМ-130 оқушы ) 619 оқушы тасымалданды.
Ауданымыздың 42 мектебінде 48817 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Ол 94% құрайды. (өткен жылы -46699 оқушы, 97% құрады). Оның 3766 оқушысы ЖБББ қоры есебінен тегін тамақпен қамтылған.
3 мектепте ( №19, №41, №30) 1833 оқушы буфеттік тамақпен қамтылған, 2 мектепте буфет және асхана түрінде: №23,33.
Аудан бойынша 299 жетім және ААҚҚ бала (жетім- , ААҚҚ- ) тіркелген, оның ішінде 287 қамқорлықта, 12 патронаттық 4 жанұяда тәрбиеленуде.
Туймебаев ауылындағы жеке балалар уйінде 56 бала тәрбиеленеді, оның 24 ата-наларының өтініші бойынша, 22 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.Барлығы Туймебаев ауылының №43 орта мектеп оқушылары, жазғы демалыспен қамтылған.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау жұмыстары жүргізіледі. «Қауіпті топ» балалары жасөспірімдер полициясы мен мектеп директорларының күнделікті бақылауында.
Аудан мектептерінде жасөспірімдер арасында жасалған қылмыс саны- 4 (жылдың басында 9 болған). Жасөспірімдер полициясының есебінде тұрған 23 оқушының қазіргі күні 15 қалды, хиджаб киюші 2-і оқушы қалды (№7,31).
ЖӨП есебінде тұрған оқушыларға жоғарғы сынып оқушылары мен мұғалімдерден тәлімгерлер бекітілген. Барлық оқушылар спорт секцияларына тартылған, олармен жеке құқықбұзушылық пен нашақорлыққа қарсы жұмыстар жүргізілуде. Ауданымыздың 48 мектебінде 15 ЖӨП қызметкерлері жұмыс істейді.
Аудан бойынша жазғы сауықтыру шараларының барлық түрлерімен 51472 оқушы қамтылды, ол 99,5% құрайды (былтыр 47902 қамтылған, 97,4 % болды)
Қала сыртындағы лагерлерде аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 1150 бала демалады, бюджеттен 54 млн бөлінді. Ата-аналар, демеушілер есебінен 58 млн тенгеге 1170 бала демалады.
2018 жылда білім саласына 15 млрд 392 млн. мың теңге бөлініп, игерілді.
2019 жылға білім саласына бюджеттен 16 млрд 477 млн 088 мың тенге бөлінді,
1 жарты жылдығында 8 млр 813 млн 146 мың тенге игерілді.
Похожие новости:

Бөлім басшысы – Каткеева Ляззат Жакыповна
Басшылық
Кадрлар бөлімінің басшысы Толеубекова Арайлым Ақсубайқызы.
Білм бөлімінің ұжымы
Қарасай ауданы бойынша 2017- 2018 оқу жылының басында
Жаңалықтар
Жуалы ауданында 6 сәуір күні 3000 нан астам оқушы сабақты "Ел арна" және "Балапан" телеарналар арқылы оқыды.
Жаңалықтар
Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты коммуналдықмемлекеттік мекемелерінің қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі 2018-2019 оқу жылы бойынша өтілген жиналысының Хаттамасы
Қамқоршылық кеңесінің хаттамалары