Жетекші маман Ишангалиева Махабат Темирбулатовна
11-11-2020, 08:44

Жұмыс бағыты: Ата-ана құқықтарын айыруға немесе шектеуге, балаға кері әсер етпесе, ата-ана құқықтарынан айырылған немесе шектелген ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру. Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының актісі негізінде сот шешімі қабылданғанға дейін баланы ата-аналарынан немесе өзге адамдардан дереу айырып алуды жүзеге асыру. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың қамқорлыққа алынушылардың заңды мүдделерін білдіру бойынша әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қамқорлыққа алынушылардың мүдделеріне қайшы келетін болса не егер қорғаншылар немесе қамқоршылар қамқорлыққа алынушылардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырмайтын болса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі, баланы қабылдайтын отбасыларындағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы балалардың заңды мүдделерін кез келген адамдарға қатысты (оның ішінде соттарда) білдіру. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, қиын өмір жағдайындағы балаларды анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қатысты мәселелер бойынша ата-аналар арасында келіспеушіліктерді шешу. Кәмелетке толмағандардың және кәмелетке толғандардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге іс-қимылдарды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), асырап алуға, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасыларға не аталған санаттағы балаларға арналған ұйымға орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оларды уақытша орналастыруды қамтамасыз ету. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа, баланы қабылдайтын отбасыларға, бала қонақтайтын отбасыларға, асырап алуға тілек білдірген азаматтардың есебін жүргізеді, іріктейді және оларды қажетті әдістемелік, психологиялық және заңдық көмек көрсету. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ оларды тәрбиелеуге үміткер адамдардың тұрмыс жағдайларына тескеріп-қарауды жүргізу, балаларға тиесілі жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы сақтау хатын әділет органдарына жіберу, қорғаншыларды немесе қамқоршыларды тағайындайды және оларға белгіленген үлгідегі анықтама беру. Қорғаншылар немесе қамқоршылар, баланы қабылдайтын ата-аналар тиісті түрде орындамаған жағдайларда, оның ішінде олар қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жеке басының мақсатына пайдаланған не қамқорлыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдырған кезде оларды өз міндеттерін орындаудан шеттетеді және қажетті шаралар қабылдау.
Байланыс тел: 87011666696 8 727 52 29 8 66 e-mail: mahabatochka@mail.ru
Похожие новости:

Бөлім басшысы – Каткеева Ляззат Жакыповна
Басшылық
Жетекші маман: Молдахметова Рахима Нурмахаевна
Білм бөлімінің ұжымы
Кадрлар бөлімінің басшысы Толеубекова Арайлым Ақсубайқызы.
Білм бөлімінің ұжымы
Басшы орынбасары Максутова Гульнара Сатаркуловна
Білм бөлімінің ұжымы
2019-2020 оқу жылына көпбалалы отбасылардың балалары мен атаулы көмек алушыларға қосымша 5 мың грант бөлетінін хабарлайды
Жаңалықтар